<?xml version="1.0" encoding="UTF-8"?><song><lyrics>[V1]
. Bm               G    Bm   Em
 Бұл әлемнің бастамасы Өзің болып,
.  D      A        D   F#
 Әлемнің Ақыры да Сен боласың.
. Bm        G        Bm     Em
 Аспаннан жердегіге қуат беріп,
. G       A       F#m     Bm
 Ал Өзің кең әлемге құпиясың.

[C1]
.    G      A         D     Bm
   О,Тәңір, бұл әлемнің Патшасы.
.   Em    F#                  Bm
   О, Тәңір, бұл әлемнің Қолдаушысы.
.    Em   F#                Bm
   Иіліп Саған ғана тағзым етем.
.     G     A         F#m      Bm
   // О, Тәңір, өмірімнің берекесі. //

[V2]
 Кешір мені, күнәлардан арылайын,
 Иса Тәңір Өзіңе мен табынайын.
 Қуаныштан, жұбаныштан көздің жасы
 Төгіледі, Құтқарушым, айналайын.

[V3]
 Өзің бол мендегі шынайы сенім,
 Мәңгілік жүрегімде жаса менің.
 Жаратқан, көрсет енді шындық жолын.
 Жарық көріп Саған келсін қазақ елім.</lyrics>
<title>Бұл әлемнің бастамасы Өзің болып РӘЖ24 МЖЖ31 ҮРәж31</title>
<hymn_number>24</hymn_number>
<key>Bm</key>
</song>